сейсенбі, 26 қараша, 2024 1:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы орталық алаңда «Ар ма,  Әз-Наурыз»  атты мерекелік шара өтті

Тараздағы орталық алаңда «Ар ма,  Әз-Наурыз»  атты мерекелік шара өтті
Jambylinfo.kz
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен шетелдік қонақтар арнайы қатысты. Алаңда 10-нан аса түрлі тақырыпты қамтыған киіз үй тігіліп, жиылғандар саятшылық өнер мен ұлттық спорт жарыстарын тамашалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мерекенің салтанаты кіре беріс қақпадан басталды. Қазақтың жеті қазынасын танытқан қос батыр мен әжелер ансамбльі келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жиынның ашылуында 80 аттылы хронологиялық көш жүріп өтті. Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі өңір жұртын келіп жеткен мерекемен құттықтады.

  • Қасиетті айда тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын. Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Әз-Наурыз әрқайсыңыздың отбасыңызға бақ-береке алып келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын. Мереке құтты болсын, ағайын,- деді Ербол Қарашөкеев

Этно-ауыл сипатындағы аумақта қолөнершілер алаңы орналасқан. Сондай-ақ,  10-нан аса киіз үй тігілсе, бұдан бөлек,  алтыбақан, тамақтану, ұлттық ойындар, саябақ ішіндегі сурет алаңдары қамтылған. Мерекелік шарада Топжарған этно-мәдени орталығының мамандары теңге ілу, жамбы ату, аттан құлау, атты құлату трюктарын көрсетіп, елдің ерекше ықыласына бөленді. Қазақстанда тұңғыш рет түйе үстінде жамбы атудан рекорд орнатып гиннестің рекордтар кітабына кірген 19 жастағы Аружан Амангелдіқызы да жиылған жұрт алдында өнерін паш етті. Сонымен қатар, мерекелік концерт қойылып, онда эстрада жұлдыздары ән шырқады. Атап айтқанда, Ернар Айдар, Алатау серілері тобы, Наркенже Серікбаева сынды өнер иелері көне шаһардың көгін әнмен әуелетті.

Jambylinfo.kz

Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатқан қала тұрғындары да қазақы әдет-ғұрыпты жаңғыртып, ұлттық киімдерін киіп, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Орталық алаңға жиылған халықтың қарасы қалың болды.

  • Өте керемет іс-шара ұйымдастырылған. Киіз үйлер, оның ішіндегі ұлттық нақыштағы бұйымдар керемет, ойымыздан шығып жатыр. Тәрбиелік мәні де зор. Қаланың адамдарына осындай даланың, қазақы тұрмыстың атмосферасын сыйлаған этно-ауыл да есте қаларлықтай екен. Көптен көрмеген бабалардан қалған мұраның маңызын арттыра түсті. Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын,- деді қала тұрғыны Нұрлыбек Құрманов.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар