
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Тараздағы сауда орталығына жылан кіріп, құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жіберді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласындағы сауда үйлерінің бірінің қызметкері 112 пультіне қоғамдық орында бауырмен жорғалаушының жүргені туралы хабарлаған.
"Құтқарушылар жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, оны елді мекеннен алысқа жіберді", – делінген хабарламада.
ТЖМ мұндай жағдайда ең алдымен ғимараттағы адамдарды сыртқа шығарып, жыланның ғимараттан шығуына жол бермей, құтқарушыларды шақыру керектігін ескертеді.
"Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", – деп мәлімдеді министрлік.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз