жұма, 14 наурыз, 2025 3:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы сауда орталығынан жарылғыш зат табылмады

Тараздағы сауда орталығынан жарылғыш зат табылмады
ашықдереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті хабарлады

Тараздағы сауда орталығынан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылғы 15 ақпанда «102» пультіне сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.Жамбыл облысы Полиция департаментінің, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен орталық ғимаратына жедел тексеру жүргізді.Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.Ғимараттан сауда дүкендерінің иелері мен орталыққа келушілер бар 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды,- деді Жамбыл облысы Полиция департаменті.

Айта кетейік, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

 

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар