Таразда әйелін соққыға жыққан қойшы 3,5 жылға сотталды
Таразда әйелін соққыға жыққан қойшы 3,5 жылға сотталды
Ол әйелінің қабырғасын сындырып, жұмысқа кетіп қалған. Алайда балаларын әкесіз қалдырғысы келмеген келіншек сотта күйеуінің басына бостандық сұраған. Судья жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырмай, жолдасына 3 жыл 6 айға орта режимдегі мекемеде жазасын өтеуге үкім кесті.