Жаңалықтар

Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты

Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты

Ол досына қыз алып қашуға көмектескен. Енді 7 жылын түрмеде өткізеді. Айыпталушының жақындары жазаны тым ауырлатып жіберді деп отыр. Тараздық бойжеткен кешірім берсе де жаза жеңілдемепті. Сондықтан қайта апелляцияға арыз берген. Маңғыстаулық азамат Тараздың қызымен былтыр көктемде танысқан. Кездесіп сөйлесе келе үйлену туралы ұсыныс білдірген. Алайда қыз қарсы болып, телефонын көтермей байланысты үзбек болған, деп хабарлайды "Астана" арнасы. Ақпан айында жігіт ақтөбелік досын ертіп келіп, қызды көлікке күштеп отырғызады. Алып қашу операциясын көршілері көріп қалып, полиция шақырған. Олар көп ұзамай қаланың шыға берісінде қолға түскен.