Жаңалықтар

Таразда қыз алып қашпақ болған Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары сотталды

Таразда қыз алып қашпақ болған Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары сотталды

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың көктемінде «Ж» есімді азамат ортақ таныстары арқылы «А» есімді азаматшамен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда осыған қарамастан, «Ж» есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған. 2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, «Ж» есімді азамат пен досы бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан. Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген.