дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады
ашық дереккөзі
Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады
Тараз қаласында басына бағдаршам құлаған келіншектің миы шайқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Бағдаршамға жол ережесін бұзған көлік соғылып, ол жанында тұрған әйелдің басына түседі. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде орын алып, бақылау камерасына түсіп қалған. Көп уақыт өтпей, полиция қашып кеткен жүргізушіні ұстаған. Көлік айып тұрғанына қойылып, жүргізушіге екі айыппұл салынып отыр.
Басына бағдаршам түскен 2002 жылғы келіншек ауруханаға түсті. «Ми шайқалу» диагнозы қойылып, нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Маңдай аймағының тері астында гематома пайда болдыы. Отасыз толық жазылады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа, – деп мәлімдеді Тараз қаласындағы көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар