Жаңалықтар

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлады

Тараз қаласында басына бағдаршам құлаған келіншектің миы шайқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бағдаршамға жол ережесін бұзған көлік соғылып, ол жанында тұрған әйелдің басына түседі. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде орын алып, бақылау камерасына түсіп қалған. Көп уақыт өтпей, полиция қашып кеткен жүргізушіні ұстаған. Көлік айып тұрғанына қойылып, жүргізушіге екі айыппұл салынып отыр.