дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жұмыс істемеген мердігерге 75 млн теңге төленген

Таразда жұмыс істемеген мердігерге 75 млн теңге төленген
коллаж jambylinfo.kz.
Тараз қаласының прокуратурасы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Қалалық ТҮКШ бөлімінің бұрынғы басшысы мердігермен аударылған ақшаны қылдай бөлген. Ымыраластардың қалтаға басқан қаражаты Тектұрмас алқабына су тарту, қаладағы 100 ауланы абаттандыру, сондай-ақ Түйте, Қапал, Қарасу каналдарының жағасын жөнге келтіру жұмыстарына жұмсалуы керек еді.

Айта кетейік, экс-шенеунік былтыр 150 млн бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған. Енді жаза мерзімі тағы қатаңдауы бек мүмкін.

  • Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражаттың төлену дерегін анықтады. Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді. Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде,- деді прокуратураның баспасөз қызметі.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар