Жаңалықтар

Таразда жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан 7 тұлға сотталды

The final spritzer

Олар емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде ақша алған.

2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкереледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкереледі.

27.02.2025 жылы Тараз қалалық №2 сотымен МХҚКО-да заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан адамдар тобына қатысты айыптау үкімі шықты.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3,6 жылмен 4,6 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, шартты деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, қылмыстық қудалау органының талабы бойынша жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.