сәрсенбі, 27 қараша, 2024 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді

Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді
Тараз қаласына «Smart City Servise» ЖШС-і «Golden Dragon» маркалы 10 автобус әкелді. Әрбір автобустың жалпы сыйымдылығы – 90 адам Оның ішінде отыруға арналған орын саны – 28 орын. Бұл автобустардың 4 бірлігі қазіргі №9 маршрут бағытына беріліп, «Шаңырақ» алқабына қызмет көрсетеді. Еске сала кетейік, аталған бағыт «Талас» ауылынан бастап Саңырақ батыр көшесіне дейін жүру жиілігі 10 минуттан қызмет көрсеткен. Қала тұрғындарының сұранысына байланысты ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Көктем» алқабы арқылы «Арай» алқабындағы Бәйдібек баба көшесіне созылды. Сонымен қатар, бағыттың таңғы (сағат 07:20-да Шаңырақ ш.а. аумағынан бастайды), түскі (сағат 13:10-да Шаңырақ ш.а. аумағынан бастайды) және кешкі (сағат 20:40-та Шаңырақ ш.а. аумағында аяқтайды) 1 реттік рейстері «Шаңырақ» алқабына дейін созылған. Алқап тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында 1 маусымнан бастап 14 кестемен жүру жиілігі 11 минуттан қызмет көрсететін болады. Бағыт ұзақтығы – 30,8 шақырым. Қалған 6 автобус пандемияға дейін тоқтап қалған №56 маршрут бағытын қайта іске қосатын болады. Бағыт «Бәйтерек»(13) шағын ауданынан бастау алып Айша бибі, Тәуке хан, Б.Момышұлы, Сейфуллин, Лермонтов, Ташкент көшелері арқылы Абай және Төле би даңғылдарын қамтумен «Ауыл береке» базарына жүру жиілігі 15 минуттан қызмет көрсетеді. Бағыт ұзақтығы – 17,4 шақырым. Қызмет көрсету мерзімі таңғы сағат 06:45-тен кешкі сағат 22:00-ге дейін.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар