Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Жоспарлы жоба металлургия құрылысына арналған қара металды қайта балқыту, шаршы дайындамаларды өндіру және жұқа қаңылтыр мырышталған болат пен полимерлі болат өндірісіне негізделген зауыт салу көздейді.
Жоба құны 50 млрд теңгеден асады. Зауыт «Тараз» индустриялық аймағында салынады. Жер учаскелері белгіленіп, тиісті құжаттарға қол қойылды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Басқосуда жоба жетекшісі Шавкат Махмудов та жоспарлы шаралармен таныстырды, - делінген мәліметте.
Кездесу барысында тараптар электр энергиясы, инженерлік-көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
Облыс әкімі инвесторға жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендіріп, экологиялық заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024