Жаңалықтар
Таразда жалға алынған көліктерді сатумен айналысқан ер адам ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қаңтар, 2023
- 156
Таразда жалға алынған көліктерді сатумен айналысқан ер адам ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне алаяқтық туралы шағыммен облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам өзінің танысы сеніміне кіріп, "Hyundai Accent" және "Volkswagen polo" маркалы автокөліктерін аукциондық жолмен сату сылтауымен алдау арқылы оның 2.500.000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін хабарлаған. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында күдіктінің автокөлікті 2
ай мерзімге жалға алып, осылайша қосымша ақша табуға шешім қабылдағаны анықталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, бейтаныс адамдарға ақша мен мүлкіңізді сеніп тапсырмаңыз , жеке мәліметтермен және банк карточкаларының кодтарымен бөліспеңіз. Егер сіз алаяқтық әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда 102 телефоны бойынша шұғыл полицияға хабарласыңыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024