Таразда жалпықалалық сенбілік өтті
Сенбілік "Таза Қазақстан" акциясы аясында өтіп отыр
Облыс орталығы Тараз қаласында "Таза Қазақстан" акция аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Сенбілікке қаладағы барлық ұйым-мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлік нысан қызметкерлері атсалысқан.
Әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты күл-қоқыстан тазалап, санитарлық жұмыстар атқарылған.
Арық-атыздардағы қоқыс қалдықтарын тазалап, ретсіз жапсырылған жарнамаларды алып, тиісті тазалық жүргізілген.