Таразда Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған көрме өтті
Көрмеде 85 қылқалам шеберінің туындысы қойылды
Таразда «Тарихы терең – Таразым!» атты топтық көрме өтті . Онда Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы мүшелерінің туындысы қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл көрмеде суретшілердің үздік еңбектері бағаланды. Көрмеге келушілер түрлі жанрдағы өнер туындыларын тамашалап, жоғары бағасын берді.
Суретшінің шығармалары ашық күрделі түсімен, шиыршық атқан бояумен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен сырлылығымен ерекше көзге түсті.
Сонымен қатар он саусағынан өнері тамған қылқалам шеберлердің әр-түрлі техника үлгісінде жасалған графикалары, кескіндемелері мен майлы бояумен жазылған туындылары,табиғат көрінісі,натюрморт жанрында композициялық тақырыптарында болды