Жаңалықтар

Таразда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті іздестірілуде

The final spritzer

ҚР ІІМ электрондық поштасына Тараз қаласындағы сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Оқиға орнына дереу Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, оның ішінде жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен іздестіру иттері бар кинологтар жұмылдырылды. Жүргізілген мұқият тексеру нәтижесінде ғимараттан жарылғыш құрылғылар табылмады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған ақпарат жіберілген IP мекенжай анықталды, ал күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-делінген ведомстваның хабарламасында.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу деректері жария етуге жатпайды.

 

Бақытжан Бекболат