жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған

Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған
ашық дереккөзі
Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған
16 жастағы оқушы үш ойын автоматындағы монета қабылдағыштарын ашып, 44, 30 және 40 мың теңге ұрлаған. Жалпы залал сомасы 115 мың теңгені құрады. Сот оны ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жасөспірімді мәжбүрлі түрде қиын жасөспірімдер ұсталатын ерекше режимдегі интернатқа орналастырды. – Бұл жерде күн тәртібі қарапайым мектептегі сияқты, тек балаларды үнемі бейне бақылау камералары мен интернат қызметкерлері бақылап отырады.Интернатта 11-18 жас аралығындағы балалар ұсталады. Бұл балалар республиканың түкпір-түкпірінен келген. Олардың бас бостандығын шектеу мерзімі – алты айдан екі жылға дейін. Негізінен балалар мұнда ұрлық пен тонау сияқты қылмыстар жасағаны үшін келеді. Олармен тәрбие жұмысы үнемі жүргізіліп отырылады және көптеген жасөспірімдер жасаған істеріне өкінеді, – деп түсіндірді Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар