Таразда жастарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды
«Жастарға жұмыс». Тараздағы ойын-сауық орталықтарының бірінде дәл осындай атаумен еңбек жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар жәрмеңкені адам қарасы көп, осындай орталықтарда өткізуді дәстүрге айналдырды. Себебі, мұнда келген адам жұмыс берушімен тілдесе алады. Бүгінгі шарада 50-ден аса мекеме 250 бос орын ұсынды.
Нұрсұлтан Нұғмансая былтыр жоғары оқу орынын бітірді. Жас маман математика пәнінің мұғалімі. Бір жыл бойы бірнеше мекемеге жұмыс іздеп барғанымен, мамандығына сай орын таба алмаған. Жәрмеңкеге келіп, өзімен қоса іні-қарындасына да жұмыс тапты.
Жәрмеңкеде 50 мекеме бос жұмыс орнындарын ұсынды. Олардың қатарында медицина, білім саласы мен ауыр өнеркәсіп, жеке меншік құрылыс компаниялары бар. Жұмыс іздеген жан мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласынан да қызмет таба алады.