Жаңалықтар
Таразда «Жасыл белдеу» жобасымен 48 га жерге тал егіледі
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2023
- 262
Таразда «Жасыл белдеу» жобасымен 48 га жерге тал егіледі
Жобаға сәйкес «Жасыл желек – жердің көркі» жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 48 га жерге 55 мың тал көшеттерін отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды jambylinfo.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Белгіленген жер – «Құмшағал» бас су тоғанының жанындағы санитарлық қорғау аумағы, қаланың 15 шағын ауданы мен өндірістік алқаптар.
Қала көшелерін абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 2023 жылы – 3 мың түп; 2024 жылы – 5 мың түп; 2025 жылы 5 мың түп үш, бес жылдық үлкен талдар отырғызылады.
Айта кетейік, «Жасыл белдеу» – қаланы көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың өңірлік жоспары.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала