Жаңалықтар

Таразда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Таразда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz=ке сілтеме жасап.

19 қараша сағат 23:25-те Тараз қаласының Төле би көшесінде белгісіз көлік құралының жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде отырған 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған) сотқа дейінгі тергеу басталды. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде бейнебақылау камераларының көмегімен жедел-іздестіру жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөліктің иесі Жамбыл ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.