ТАРАЗДА ЖЕР СІЛКІНДІ
11.01.24 күні сағат 15.20-да Таразда жер сілкінді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6. Магнитудасы MPV 6.4. Жер сілкінісінің координаталары – 37,01° солтүстік. 70,92° шығыс Тереңдігі 180 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Таразда болған жер сілкінісінің күші 2 балл. Зардап шеккендер жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз