Жаңалықтар

Тараздық полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Таразда Қазақстан полициясы күніне орай, Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Дәстүр бойынша батырдың ескерткішінің жанында полицейлер өздерінің кезекті кәсіби мерекесі қарсаңында еске алу акциясын өткізді.
 

Бір минут үнсіздік жиналған полиция қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының ардагерлеріне әлемнің және азаматтардың тыныштығын қорғауда атқарып жүрген қызметтің қаншалықты мәртебелі әрі қауіпті екенін еске салды.

Қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде қаза тапқандарды еске ала отырып, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин дәл осы Ғазиз Байтасов сияқты тұлғалар тапсырылған іске жанқиярлықпен қараудың жарқын үлгісі екенін атап өтті. 

– Біз батырларға құрмет көрсетіп қана қоймай, оларға қарап бой түзейміз, – деді ардагері Тұрдалы Шералин.
 

Аты аңызға айналған Ғазиз Байтасовтың ізбасарлары, ПД-ның ерекше көзге түскен 14 қызметкері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.