Жаңалықтар

Тараздықтар қала күнін атап өтті

Тараздықтар қала күнін атап өтті

Тараз қаласының күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде кең көлемде тойланды. Шараға еліміздің белгілі эстрада жұлдыздары және жергілікті өнерпаздар қатысты.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тараздықтар мен қала қонақтарын мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара барысында Нұржан Нұржігітов 5 көпбалалы анаға «Алтын алқа» марапатын табыстады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қаланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шара белгілі қазақ эстрадасының жұлдыздары Төреғали Төреәлі мен Садраддиннің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.  Кеште К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері де өнер көрсетті.