"Тарихи сәт": Қазақстан U-19 құрамасы элиталық кезеңге жолдама алды
Қазақстанның U-19 құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде тарихи жетістікке қол жеткізді
Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің үшінші матчында Кипр командасымен тең нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде біздің жігіттер «B» дивизионының 1-тобын екінші орынмен аяқтап, элиталық кезеңге жолдама алды.
Кирилл Кекер шәкірттерінің 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Қазақстан U-19 құрамасы тарихында алғаш рет элиталық кезеңге өтті.