жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды

Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды
ашық дереккөзі
Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды
Air Astana әуекомпаниясы таратқан мәліметке қарағанда, бүгін KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған, деп хабарлайды Jambylinfo . Бүгін әуекомпания Ташкент-Алматы бағыты бойынша KC 128 рейсін орындады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшып шыққан. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, жеті жолаушы түрлі жарақат алған. Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ал ұшқыштар болған оқиға жөнінде әуежай қызметіне хабарлаған. Әуе лайнері Алматыға 16.45-те қонды. Әуежайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігі жолаушыларды күтіп алды. «Авиакомпания оқиғаға қынжыла отырып, рейс жолаушыларына қажет бүкіл көмекті көрсетеді. Аталған факті бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізеді» деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар