сенбі, 28 желтоқсан, 2024 23:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тауар құны кассадағы бағамен сәйкес келмесе, не істеу керек?

Тауар құны кассадағы бағамен сәйкес келмесе, не істеу керек?
ашық дереккөзі
Тауар құны кассадағы бағамен сәйкес келмесе, не істеу керек?

Егер тауар баға белгісінде көрсетілген бойынша сатылмаса, тұтынушы сатушыдан ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Кейде тауар бағасы кассаға белгіленген бағадан әлдеқайда жоғары боп шығады. Егер тауар баға белгісінде көрсетілген бойынша сатылмаса, тұтынушы сатушыдан ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті түсіндірді. Басқарма азаматтардың осындай оқиғалармен жиі кездесетінін атап өтті.

Мұндай жағдайда не істеу керек?

Алдымен, кассадағы бағаның сөреде көрсетілгеннен өзгеше екенін көріп, залға барып, қажетті тауардың бағасын суретке түсіру керек.
"Содан кейін дүкен әкімшісін шақырып, оған тұтынушы құқықтарының бұзылу фактісі туралы, бағаның айырмашылығы туралы хабарлау міндетті. Мәселен, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 24-бабында сауда орындарында сатушы тауарды ішкі және сыртқы витриналарында ілінген баға белгісімен сатуға міндетті екені көрсетілген" – делінген хабарламада.

Заң бойынша белгілі бір баға бойынша тауарды сатып алу туралы ұсыныс жария ұсыныс, ал тауардың бағасы ұсыныстың дәлелі. Осылайша, тұтынушы тауарды көрсетілген бағаға сатуды талап етуге және жаңадан белгіленген бағамен келіспеуге құқылы.

Дүкенге айыппұл салына ма?

Сатушы бағаны затбелгіде көрсетілгеннен жоғары белгілесе немесе өнімде мүлде баға белгісі болмаса, кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
"Соған қарамастан тауар баға белгісінде көрсетілгеннен басқа бағамен сатылса, тұтынушы сатушыдан артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Ал сауда нүктесінің әкімшілігі қайтарудан бас тартса, тұтынушы баға белгісінде көрсетілген сома мен нақты алынған сома арасындағы айырмашылықты төлеуді талап етіп, басшылыққа талап арыз жазуға құқылы" - делінген хабарламада.

Сауда нысанының басшылығы жауап бермесе не істеу керек?

Сауда нысанының басшылығы жазбаша талап арызға жауап бермесе және күнтізбелік 10 күн ішінде ақшаны қайтармаса, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органға немесе субъектіге өтініш бере алады. Тұтынушы арыз-талап жазған  күннен бастап кешіктірілген әрбір күн үшін тауар құнының кемінде бір пайызы мөлшерінде айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіру туралы талаппен сотқа дейін реттеу "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағына сәйкес қаралады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар