Жаңалықтар

Тайландта өткен Азия чемпионатына Жамбыл облысынан 2 боксшы қатысып, жүлдемен оралды

Тайландта өткен Азия чемпионатына Жамбыл облысынан 2 боксшы қатысып, жүлдемен оралды

Молжігітов Диас 75 келі салмақ дәрежесінде алғашқы кездесуінде Қырғыз Республикасының боксшысы Даниел Абдурахмановты жеңіп, жартылай финалда қытайлық Кахаер Аиликутиден басым түсті. Финалда өзбек боксшысы Абдуллаев Алокхонға 4-1 есебімен ұтылып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал Серік Назерке 63 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Монғол боксшысы Ганзорик Бадмарға ұтылып қола жүлдегер атанды. Бүгін қос спортшыны жамбылдықтар салтанатты түрде күтіп алды