Жаңалықтар

"Теңге ілу - жауынгерлік өнер": V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық ойын ұлықталады

Теңге ілу жарысы 11-13 қыркүйек аралығында этноауыл алаңында өтеді

8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

Байрақты бәсекеде теңге ілуден кіл мықтылар бақ сынайды. 

Теңге ілу – ат үстіндегі жауынгерлік өнер.
Жануар мен жігіттің үндестігін, ептілігі мен шапшаңдығын паш ететін тартымды спорт.
Шабандоз атпен шауып келе жатып жерде жатқан теңгені қолмен іліп алуы қажет.

Теңге ілу жарысы 11-13 қыркүйек аралығында этноауыл алаңында өтеді.

Сонымен қатар, Көшпенділер ойындарында көкпар, бәйге, қазақ күресі, түркі халықтарының күрес түрлері, асық ату, алыптар сайысы (powerful nomad), аударыспақ, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, таяқ тарту (мас-рестлинг), арқан тартыс, тоғызқұмалақ сынды көшпелі жұрттың 21 спорт түрінен жарыстар, мәдени бағдарлама, ғылыми конференция өтеді деп жоспарланған. 

Еске салайық, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ге жуық елден 2000-нан аса спортшы қатысады.

Айта кетейік, дүбірлі доданың билеттері zakazbiletov.kz сайтында сатылып жатыр.