Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне әсер еткен негізгі үш факторды атады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.
Бірінші фактор – соңғы айларда жаһандық доллар индексінің нығаюы.
Екінші фактор – әлемдік мұнай бағасының төмендеуі.
Соңғы маңызды фактор – Ресей рублінің әлсіреуі.
Ресей негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеу, олардың әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар, - деді министр.
Мемлекетке 450 млн теңге шығын келтірді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024