«Теңіз» кен орнындағы апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті
«Теңіз» кен орнындағы апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті
Жиынға «Теңізшевройл» ЖШС, ТЖД, ПД өкілдері мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Серік Шәпкенов қаза болған жұмысшылардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуді тапсырды. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында жұмыстар жүргізіледі. Бұған дейін «Теңізшевройл» кәсіпорны 6 шілде күні «Senimdi Kurylys» мердігер ұйымы мен оның қосалқы ұйымдары қызметкерлері құрылыс алаңында атқарған гидравликалық сынау кезінде қысымның түсуі орын алып, салдарынан мердігер ұйымының үш қызметкері жарақат алып, екеуі қаза тапқанын хабарлады.