Жаңалықтар

Тегін мектеп формасы мен кеңсе тауарлары: 400 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі

Тегін мектеп формасы мен кеңсе тауарлары: 400 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі

Қаражат халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға беріледі.  Биыл әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңге.  💬«Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері  таңдап алу үшін беріледі», делінген министрлік хабарламасында. Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.