Тегін санаторийлердің 12-сі Түркістанда-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
- авторjambylinfo.kz
- 14 сәуір, 2024
- 545
«Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда. Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.
Спикердің айтуынша, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10 күннен 14 күнге дейін болады. Бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді.
Тегін санаторийлердің 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Сондай-ақ, зардап шеккендерді қабылдауға дайындық туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының Алға кентіндегі санаторийлер мәлімдеді.
Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігін айтып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз