сейсенбі, 26 қараша, 2024 0:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Телехикая жалғасады»: ертең Бишімбаевтың апелляциялық соты тікелей эфирде өтеді

«Телехикая жалғасады»: ертең Бишімбаевтың апелляциялық соты тікелей эфирде өтеді
Сурет: Жоғарғы сот
Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлап отыр

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп 24 жылға сотталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық соты 26 маусымда басталады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қуандық Бишімбаевпен қатар оның туысы, 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановқа да қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскен. 
«Жоғарғы сот республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті», - делінген хабарламада.

Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленген. 

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірген болатын.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар