Жаңалықтар

Телевизия және радиоардагері Әбдірәлі Бөлебаев өмірден озды

Телевизия және радиоардагері Әбдірәлі Бөлебаев өмірден озды

Танымал диктор 70-ке қараған шағында қайтыс болды.

Әбдірәлі Бөлебай Корпорацияда бүгінге дейін қызмет атқарды.

Еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясында режиссердың көмекшісі болып бастады. 1977 жылы Қазақстан Кәсіподактары жаныңдағы көркем өнерпаздары республикалық үйінде методист, 1978 жылы Қазақ радиосының дикторы, 1985 жылы Қазақ теледидарында диктор, 1992-96 жылдары дикторлар тобының жетекшісі, 1996 жылы «Хабар» агенттігінде «Жеті күн» ақпаратты сараптау бағдарламасы және «Жаңалықтар» қызметінің жүргізушісі, 2000 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының Астана филиалында диктор, 2002 жылы ҚР Президентінін Телерадиокешенінде продюсер, 2004 жылы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған.