сенбі, 23 қараша, 2024 16:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Террористер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған

Террористер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған
ашық дереккөзі
Террористер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 
«Қазақстанда жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды», - деді Руслан Сейсембаев.
Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қауіптердің қалыптасуы бірқатар басым факторлардың әсерінен болатынын атап өтті.
"Сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы үш жылда ШЫҰ мемлекеттерінде кем дегенде 80 резонансты лаңкестік шабуыл жасалды. Биыл олардың күрт өсуі байқалады. Егер 2022 жылы 18 шабуыл болса, 2023 жылы 47 шабуыл жасалды. Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алды", - деді ҰҚК өкілі.
Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар