жексенбі, 17 қараша, 2024 2:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тиімсіз әрі орынсыз»: Смайылов сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнатуға келіспеді

«Тиімсіз әрі орынсыз»: Смайылов сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнатуға келіспеді
ашық дереккөзі
«Тиімсіз әрі орынсыз»: Смайылов сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнатуға келіспеді
Премьер-министрге бұған дейін ұсынысты Парламент депутаттары жолдаған. Алайда сайлау учаскелерінің бәріне видеокамера орнатуды үкімет басшысы «экономикалық тұрғыда тиімсіз әрі орынсыз» деп есептейді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Айта кетсек, Парламент мәжілісі тарамай тұрып, Ақ жол партиясы атынан депутат Қазыбек Иса әр сайлау учаскесіне бейнебақылау орнатуды ұсынған еді. Оның айтуынша, сонда ғана сайлау комиссиялары да, бақылаушылар да, кез-келген азамат сайлаудың әділдігіне көз жеткізіп, заң бұзушылықтардың жолын кесе алады.
«Мұндай бақылау дауыс берудің ашықтығының ең жақсы кепілі болады. Сайлаудың қорытындыларына қоғам сенімін арттырады. Барлық қажетті аумақтар мен рәсімдеу орындарын бейнебақылаумен қамту заң бұушылықтарды тіркеуге, сондай-ақ, саяси бәсекелестік күшейген сайын күшейе беретін жанжалды жағдайлардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бейнебақылау камераларын бет әлпетті автоматты тану жүйесімен жабдықтау адамдар әртүрлі сайлау учаскелерінде бірнеше рет дауыс беретін «карусельдерді» анықтауға жол ашады», - деген еді ол.
«Бұл тәжірибеден дамыған елдер бас тартқан» Бұл ұсынысқа жауап берген Әлихан Смайылов «сайлау учаскелерінде онлайн-трансляция функциясымен жабдықталған бейнебақылау камераларын орнату мәселесін Конституция заңында белгіленген дауыс беру құпиясы қағидатын сақтау тұрғысынан қарау қажеттігін» атап өтеді. Оның сөзінше, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес дербес деректер негізінде субъектінің жеке басын анықтауға болатынын ескеру қажет. Заңға сәйкес субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде ғана дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуға жол беріледі. Сонымен қатар Смайылов әсіресе ауылдарда интернет сапасы нашар екенін жеткізеді. Бұдан басқа, сайлау өткізу процесі тұрақты сипатта емес, ауық-ауық өткізіледі.
«Осыған байланысты бейнежабдықтарды сатып алудың экономикалық тиімсіздігі мен орынсыздығын атап өтеміз, өйткені барлық сайлау учаскелерін бейнекамералармен жарақтандыру республикалық бюджеттен қомақты бюджет қаражатын бөлуді талап етеді. Конституцияға сәйкес саяси партиялардың, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға құқылы. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы заңнама дауыс беру барысын бейнетіркеу мүмкіндігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етеді деп санаймыз. Сондай-ақ дауыс беру учаскелерінен онлайн-трансляцияларды қолданған бірқатар елдер оның осалдығына байланысты (Аустралия, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, Нидерланды, АҚШ) бұл тәжірибеден бас тартуға мәжбүр болған халықаралық тәжірибені қарастыру өзекті болып отыр», - дейді Смайылов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар