Жаңалықтар

«Тиімсіз әрі орынсыз»: Смайылов сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнатуға келіспеді

«Тиімсіз әрі орынсыз»: Смайылов сайлау учаскелерінің бәріне бейнекамера орнатуға келіспеді

Премьер-министрге бұған дейін ұсынысты Парламент депутаттары жолдаған. Алайда сайлау учаскелерінің бәріне видеокамера орнатуды үкімет басшысы «экономикалық тұрғыда тиімсіз әрі орынсыз» деп есептейді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Айта кетсек, Парламент мәжілісі тарамай тұрып, Ақ жол партиясы атынан депутат Қазыбек Иса әр сайлау учаскесіне бейнебақылау орнатуды ұсынған еді. Оның айтуынша, сонда ғана сайлау комиссиялары да, бақылаушылар да, кез-келген азамат сайлаудың әділдігіне көз жеткізіп, заң бұзушылықтардың жолын кесе алады. «Бұл тәжірибеден дамыған елдер бас тартқан»

Бұл ұсынысқа жауап берген Әлихан Смайылов «сайлау учаскелерінде онлайн-трансляция функциясымен жабдықталған бейнебақылау камераларын орнату мәселесін Конституция заңында белгіленген дауыс беру құпиясы қағидатын сақтау тұрғысынан қарау қажеттігін» атап өтеді. Оның сөзінше, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес дербес деректер негізінде субъектінің жеке басын анықтауға болатынын ескеру қажет. Заңға сәйкес субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде ғана дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуға жол беріледі. Сонымен қатар Смайылов әсіресе ауылдарда интернет сапасы нашар екенін жеткізеді. Бұдан басқа, сайлау өткізу процесі тұрақты сипатта емес, ауық-ауық өткізіледі.