Жаңалықтар

Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Таразда «Пробация» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында пробация қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробациялық бақылау белгіленген сотталғандарға сондай-ақ сотталғандардың жақын туыстарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Басқосуда учаскелік инспектор сотталғандардың назарына әкімшілік аумақта қылмыстар санының артуы, әкімшілік құқықбұзушылық фактілерінің көбеюі жөніндегі мәліметтерді жеткізіп, оларға қоғамдық ортада қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеулерін қатаң ескертті. Бұдан бөлек, пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандардың құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайларын анықтау мақсатынд олардың өмір сүру салтын, отбасындағы мінез-құлқын, ата-ана,жақын туыстарымен қарым-қатынасын және араласатын ортасын талқылап, сұхбат жүргізді. Жалпы, мұндағы басты мақсат - қайта қылмыс жасаудың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әрі есептегі сотталғандарды түзеу жолына түсіру. Сонымен қатар, белгіленген пробациялық бақылау тәртібін бұзбауын ескерту, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу.