жексенбі, 17 қараша, 2024 19:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тікелей эфир кезінде түкірген мәжіліс депутаты айыппұл төледі

Тікелей эфир кезінде түкірген мәжіліс депутаты айыппұл төледі
ашық дереккөзі
Тікелей эфир кезінде түкірген мәжіліс депутаты айыппұл төледі
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің Facebook-тегі парақшасында әр адам өз әрекеті үшін жауап беруі қажет екенін айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Жамбылинфо Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.
Ерлан Саиров тікелей эфир кезінде түкіргені үшін айыппұл төледі.
Құрметті достар! Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Әрбір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажет. Мен кешегі "Хабар" арнасындағы "түкірік" үшін айыппұл төледім. Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек,— делінген жазбада.
Мәжіліс депутаты жазба мен қоса айыппұл төлегенін дәлелдейтін түбіртекті де жариялаған. Сондай-ақ, ол әр адам өзгерісті өзінен бастау керегін, солай ғана мемелекетті өзгертуге болатынын жазды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар