Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақорда мәліметіне сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Келесі мақала





