Жаңалықтар

Тісті қатты құртатын 4 тамақ белгілі болды

Тісті қатты құртатын 4 тамақ белгілі болды

Ежелде адам денсаулығын тісінің сапасына қарап бағалаған екен. Адамның тісі сау болуы – жақсы әдеттерінің көрінісі. Ал тісіңіз жиі ауырса, жағымсыз әдетіңіз көп деген сөз. Тістің саулығына тамақтануыңыз тікелей әсер етеді. Bugin.kz тілшісі тісті құртатын 4 өнімге шолу жасайды.

Біз тұтынатын тағам тістерімізге үлкен әсер етеді. Тамақ – тістердің сау өсуі мен дамуына, эмальдың беріктігіне және қызыл иектің саулығына қажетті дәрумендер мен минералдардың көзі. Кейбір өнімдер зиянды микрофлораның дамуына ықпал етуі, тістерді зақымдауы және эмальды бояуы мүмкін.

Қытырлақ картоп

Америкалық стоматологтар қауымдастығының өкілі Элис Богосианның пікірінше, тіс саулығы үшін қытырлақ картоп қауіпті. Картоптағы крахмал қантқа, сосын ол қышқыл түзетін бактериялар тұтынатын тағамға айналады. Тағы бір жағымсыз жайт: тамақтың ұсақ қалдықтары тіс пен қызыл иекке жабысып, тіс аралық кеңістікте қалады. Сондықтан бұл тағамдарды жегеннен кейін тістеріңізді тазалау кезінде тіс жібін қолдану керек.

Цитрус

Цитрустар – көпшілігіміз үшін жаңа жылдың иісі. Бұл жемістер С дәруменіне өте бай. Ағзамызға тигізер пайдасы өте көп. Бірақ денсаулығымыз үшін зиян екенін естен шығармаңыз. Сусындарды салқындатуға арналған мұз кесегі Америка стоматологиялық қауымдастығының мәліметінше, көптеген ересек сусындарды салқындату үшін мұз кесегін қолдану пайдалы деп санайды. Себебі ол тек судан тұрады деп ойлайды. Бірақ қатты заттарды тістеу адамның тістерін осал етеді және олардың бұзылуына әкелуі мүмкін. Мармелад Мармеладтың тығыздығы мен созылғыштығы неғұрлым қатты болған сайын тіс соғұрлым нашарлайды. Карамель, желе және жеміс-жидек кәмпиттері ұзақ уақыт бойы тіске және тіс аралық кеңістікке жабысады. Осылайша ауыздағы бактериялар жиналған қантпен қоректенеді.

Сонымен қатар қышқыл дәм беретін тәттілер өте қауіпті. Оларда тістерді қосымша зақымдайтын өздерінің эрозиялық қышқылдары бар.