Жаңалықтар

Өткен тәулікте 1169 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 1169 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1169 жағдай тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 210, Алматы қаласында - 95, Шымкент қаласында – 11, Ақмола облысында – 87, Ақтөбе облысында – 57, Алматы облысында - 10, Жетісу облысында - 22, Атырау облысында - 44, Шығыс Қазақстан облысында - 28, Абай облысында - 18, Жамбыл облысында - 20, Батыс Қазақстан облысында - 120, Қарағанды облысында - 133, Ұлытау облысында - 42, Қостанай облысында - 72, Қызылорда облысында - 10, Маңғыстау облысында -29, Павлодар облысында - 85, Солтүстік Қазақстан облысында - 69, Түркістан облысында 7 тұрғыннан анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 380 960 жетті.