Жаңалықтар

Өткен тәулікте 1373 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте 1373 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1373 жағдай тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 368 205 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 301, Алматы қаласында - 202, Шымкент қаласында – 12, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 28, Алматы облысында - 12, Жетісу облысында - 24, Атырау облысында - 26, Шығыс Қазақстан облысында - 10, Абай облысында - 22, Жамбыл облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 49, Қарағанды облысында - 327, Ұлытау облысында - 2, Қостанай облысында - 63, Қызылорда облысында - 25, Маңғыстау облысында - 16, Павлодар облысында - 83, Солтүстік Қазақстан облысында - 26, Түркістан облысында - 16 адамнан инфекция анықталды.