Өткен тәулікте Жамбыл облысында 53 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте Жамбыл облысында 53 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 2579 адамнан анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 733, Алматы қаласында - 430, Шымкент қаласында – 29, Ақмола облысында – 104, Ақтөбе облысында – 52, Алматы облысында - 50, Жетісу облысында - 100, Атырау облысында - 46, Шығыс Қазақстан облысында - 21, Абай облысында - 38, Жамбыл облысында - 53, Батыс Қазақстан облысында - 112, Қарағанды облысында - 375, Ұлытау облысында - 80, Қостанай облысында - 93, Қызылорда облысында - 42, Маңғыстау облысында - 52, Павлодар облысында - 95, Солтүстік Қазақстан облысында - 58, Түркістан облысында - 16. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған соңғы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы анықталды. Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан адам өлімі болған жоқ. Жалпы пандемия басталғалы елімізде инфекция 1 362 647 адамда тіркелді.