сенбі, 23 қараша, 2024 21:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев 3-6 жас аралығындағы балалардың 97%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырды

Тоқаев 3-6 жас аралығындағы балалардың 97%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырды
ашық дереккөзі
Тоқаев 3-6 жас аралығындағы балалардың 97%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімдігіне 3-6 жас аралығындағы балалардың 97 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырды. Бұл туралы ол қала жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының айтуынша, Алматы тұрғындарының саны жыл сайын өсіп, оның 60 пайызы көші-қон арқылы жүзеге асып жатыр. Бұл жағдай қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі әсер етеді.
Қазір қаладағы балабақшаларда 19 мыңнан аса орын жетпейді. Бұл тапшылықты азайту үшін мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларды шұғыл түрде салу керек. Сондай-ақ балаларды мемлекеттік білім тапсырысы арқылы мектепке дейінгі жеке білім беру мекемелеріне орналастыру қажет. Әкімдікке 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 97 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырамын. Бұл міндетті 2025 жылға дейін орындау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ президент оқушылардың саны да жыл сайын орта есеппен 12-15 мыңға артып келетінін айтты.
Сол себепті, мектептерде орын тапшылығы жоғары. Қазір 29 мыңнан аса оқушыға орын жетпейді. Бұл ахуал оқушылардың сапалы білім алуына кері әсер етеді. Алматыда алдағы 2 жыл ішінде «Жайлы мектеп» жобасымен 37 мың орындық 22 мектеп салу керек. Басты міндет – 2030 жылға қарай бір ауысыммен оқытуға толық көшу. Ішкі миграция қарқынды дамып жатқандықтан, осындай мәселелер туындап отыр. Алайда жас ұрпақты сапалы балабақша, мектеппен қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Сондықтан бұл тапсырмалар міндетті түрде толық орындалуы керек, – деді мемлекет басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар