Жаңалықтар

Тоқаев: «Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды»

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, ерекше қонақжайлық көрсеткені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша, күн тәртібі өзекті екенін айтты. 

Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап өтіп, қақтығыстар мен шиеленістер, геосаяси текетірестер әлемнің кез келген мемлекетіне әсер ететін қауіпті үрдіске айналғанына тоқталды.