Жаңалықтар

Тоқаев: Бұрын-соңды болмаған геосаяси дауыл жағдайында өмір сүріп жатырмыз

Тоқаев: Бұрын-соңды болмаған геосаяси дауыл жағдайында өмір сүріп жатырмыз

Бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бәрімізді біріктіреді. Бұл туралы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы бұл құбылыс қазірдің өзінде «жаһандық дисфункция» деп аталатындығына назар аударды. «2019 жылы АӨСШК-нің бұған дейінгі саммиті өткізілгеннен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтардан өтті. Оның теріс салдары жаһандық дамуға әсер етуді жалғастырып отыр», - деді ҚР Президенті.