Жаңалықтар

Тоқаев бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды

Президент Ақордада педагогтерге құрмет көрсетті

Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шарада Президент алдында Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ағыбай Нұғыманов, Ақтөбе қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Наталья Пеннер сөз сөйледі.