Тоқаев бизнесті тексеруге мораторийді ұзартты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме.
Жарлыққа сәйкес, шағын бизнесті тексеруге мораторий тағы бір жылға – 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, - делінген жарлық мәтінінде.Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі мораторийді пайдаланып, заңбұзушылыққа бармау керек екенін еске салды. Егер шағын және орта бизнес субъектісінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер етсе, мемлекет Кәсіпкерлік кодекске сүйене отырып, кез келген уақытта жоспардан тыс тексеріс жасауға құқылы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз