Жаңалықтар

Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

"Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел", – деді президент. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесті. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Бас прокурор Берік Асылов, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді.